3 сәуір күні Халық батыры А.Имановтың туған күніне орай музей қорындағы «Торғай даласындағы көтеріліс сарбаздары» атты картиналардан тағылымы мол көрме ұйымдастырылды.Көрменің негізгі мақсаты – батырдың ел тәуелсіздігі жолындағы ерен ерлігі мен тарихи тұлғасын кеңінен дәріптеу, ұлт жадында жаңғырту.Көрме барысында А.Иманов пен оның сарбаздарының ұлт-азаттық күрес кезіндегі тағдырлы сәттері бейнеленген майлы бояулы туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір картина өткен дәуірдің тынысын сездіріп, батырлар ерлігінің асқақ рухын айшықтай түсті.
Сонымен қатар, келушілер батырдың ерлікке толы өмір жолымен тереңірек танысып, қазақ халқының азаттық жолындағы күресіндегі айрықша орнын зерделеуге мүмкіндік алды.
Аталған көрме ұлттық тарихты ұлықтап, батырлар мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған мәні зор мәдени шара.









