7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында оқушыларға батыр бабаларымыздың ерліктерін дәріптеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ұлтын ұлықтаған батыр» жобасы аясында «Амангелді Имановтың сарбаздарының әскери тактикасы» тақырыбында ерлік сабағын музей әдіскері Ж.Т.Досбергенов өткізді. Сабақ барысында 1916 жылғы Торғайдағы ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі Амангелді батырдың және сарбаздарының әскери тактикалары, басқару жүйесі, тарихы, сарбаздар құрамы, «құс қанаты пошта» атты және алғашқы сағатта 70 шақырым жылдамдықпен шабатын тұлпарлар арқылы хат алмасу әдіс - тәсілдері, Амангелді батырдың әскери штаб квартирасы туралы тарихи мәліметтер айтылды. Аталған іс - шараға батыр атындағы Амангелді орта мектебінің оқушылары қатынасып, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған "Майдан даласындағы естеліктер" тақырбындағы көрмемен танысып, жерлес журналист Бауыржан Бөгенбайдың 1916 жылғы Торғайдағы ұлт азаттық көтеріліс тарихы баяндалатын "Аманат" жобасы аясында түсірілген деректі фильмді көрді.