25 қазан - Республика күніне орай А.Иманов атындағы музейінде «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің тәуелсіздігі мен даму жолын бейнелейтін тарихи фотосуреттер, газет қиындылары мен Қанапия Даниярдың «А.Иманов музейі» макеті және Ержанов Мейрамболаттың Кейкі батыр мүсіні, Кеделбаев Ғизаттың «Тәж Торғай» көпбейінді туристік кешені макеті қойылды. Сонымен қатар Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік - экономикалық даму жолына сіңірген еңбектері үшін ауданымыздың азаматтарының алған медальдары, төсбелгілері көрмеге қойылды. Атап кетсем: «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Амангелді ауданының құрметті азаматы», «А.Имановтың туғанына 150 жыл», Амангелді ауданына 80, 90 жыл, ҚР Тәуелсіздігіне 10,20,30 жыл мерекелік медальдар, «Мәдениет саласының үздігі», «Еңбек Даңқы» «Ұлы жеңіс мұрагерлері», «Ұлт азаттық қозғалысына 100 ж» төсбелгілері. Көрмені Б.Қолдасбаев атындағы жалпы орта мектебінің психологі Е.Е.Абилдиннің жетекшілігімен 6-7 сынып оқушылары тамашалады. Көрме экскурсиясын әдіскер Ж.Т.Досбергенов жүргізді.