Музейдің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында 2025 жылдың қараша айының 5-күні «Бейнелеу өнер майталманы» атты аудандық сурет байқауы жарияланған болатын.
Байқауға өтінімдер қараша айының 25-не дейін қабылданды.
Сурет байқауы жерлесіміз, алғашқы қазақ халқының кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың туғанына 100 жыл толу құрметіне арналды.
Аталған іс-шара байқауға өтінім берген оқушылар арасында желтоқсан айының 5-і күні аудан мектептерінің 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен музей ғимаратында өтті.
Байқау барысында суретшілер графика, кескіндеме бағыты бойынша сурет салудан өз шеберліктерін көрсетті.
Сурет байқауының қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен қатысушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен мараппаталды.
Графика бағыты бойынша
1. Мұратова Жаннұр I-орын.
2. Сабитбекұлы Ғани II-орын.
3. Ихлас Асылтас III-орын.
4. Қанатұлы Ерасыл. Алғыс хат.
5. Құлахмет Айғаным. Алғыс хат.
Кескіндеме бағыты бойынша
1. Кенжеболатова Айару I-орын.
2. Бектепберген Іңкәр II-орын.
3. Сайранбек Аймира III-орын.
4. Серікбай Сырғалым.Алғыс хат.
Сурет байқауына атсалысқан барлық жетекшілер мен оқушыларға алғыс білдіреміз!









