Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінің 110 жылдығына орай 2025 жылдың 19-шы қарашасы күні Қостанай қаласында "Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгінгі мен болашағы" тақырыбындағы облыстық ғылыми - тәжірибелік конференция "Жастар" сарайының мәжіліс залында өткізілді.110 жыл тарихы бар музейдің ауқымды іс-шарасына музей қызметкерлері және ЖОО тарих ғылымдарының кандидаттары, докторлары, профессорлар құрамы қатысып баяндамалар оқыды.
Аталған іс - шараға музейдің әдіскері Ж.Т.Досбергенов қатысып, "Болашақтың музейі қандай болу керек?" тақырыбындағы баяндама жасады. Іс-шараның II-ші бөлімінде конференция қонағы Нұрсерік Жолбарыстың және Амангелді ауданынан келген зергер Дастан Хамзинның музей қызметкерлеріне арналған шеберлік сабақтары өтті









